USD
USD
USD

Qazaq Air вьетнамдық компанияға сатылды

«Самұрық-Қазына» компаниясы «QAZAQ AIR» АҚ акцияларын сатып алу-сату бойынша инвесторлар консорциумымен келісімшартқа қол қойылғанын хабарлады.

Qazaq Air
Фото: «Самұрық-Қазына»

Алматы, NEGE. «QAZAQ AIR» АҚ-ны бәсекелі ортаға беру аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, «Central Asia Aviation Holdings Limited» консорциумы (вьетнамдық Sovico Group құрамына кіреді) және «Kazasia Holdings Limited» компаниясы арасында міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, соның ішінде сатып алу-сату келісімшартына қол қойылды.

Kazasia Holdings Limited – серіктестік орнату үшін және QAZAQ AIR-ды «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп басқару үшін Sovico Group ұсынған қазақстандық компания.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, инвесторлар қызмет тиімділігін арттыру мен ұзақ мерзімді тұрақтылықты басты назарға ала отырып, QAZAQ AIR-дың стратегиялық трансформациясы мен дамуына ықпал етеді.

Аталған шаралар аясында, алдағы бірнеше жылда QAZAQ AIR әуе паркін Boeing 737 Max 8 немесе Airbus A321 үлгісіндегі 20 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланған.

Келісімшарт нәтижесінде QAZAQ AIR активтерінің құнын едәуір арттырып, Орталық Азияның жетекші әуе компаниясы ретіндегі рөлін нығайту көзделіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи