USD
USD
USD

Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтатты

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметі. 

Qazaq Air
Фото: Qazaq Air

Алматы, NEGE. Компанияның мұндай шешім қабылдауына жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі себеп болып отыр. 

«Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуекомпания қазіргі уақытта QAZAQ AIR тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады», – делінген хабарламада. 

Тоқтатылған рейстердің әуебилеттерін алған жолаушыларға билет құны толық қайтарылады немесе әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау жасауына мүмкіндік беріледі.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам