USD
USD
USD

Qaz Covid-in вакцинасына қай елдер қызығып отыр?

Коронавирусқа қарсы отандық Qaz Covid-in вакцинасына бірқатар ел қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

Qaz Covid-in вакцинасына қай елдер қызығып отыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда вакцина шығаратын дәстүрлі зауыт болған жоқ. Пандемия келгенде белсенді жұмыс басталды, қазір алғашқы қазақстандық вакцина зауытының құрылысы аяқталып қалды. Оны насихаттауға келсек, әрине, бұл мәселемен айналысуды жоспарлап отырмыз. Вакцинаны ілгерілету үшін клиникалық зерттеулердің толық нәтижесін алу керек, өйткені барлық елдер бірінші кезекте клиникалық зерттеу параметрлерін сұрайды, оның тиімділігін тексереді, содан кейін өтінім беруі мүмкін. Қазір де біздің өнімге қызығушылық танытқан елдер бар, бірақ олардың барлығы клиникалық зерттеулердің нәтижесін күтуде», – деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына.

Бұл ретте Алексей Цой отандық вакцинамен бірінші кезекте Қазақстан нарығы қамтамасыз етілетінін, өз қажеттілігімізді толтырмайынша сыртқы нарыққа шықпайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі