7 Ақпан 17:20

Qazforum: «Әр газеттің өз цифрлық медиасы болуы керек»

Фото:
Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан қазақ тілінде онлайн контент жасаушыларының ІV форумында спикер болған "Айқын" газетінің бас редакторы "Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?" атты

тақырыпта пікір білдірді. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Ол "дәстүрлі баспасөздің ақпарат нарығында аман қалу үшін не істеу керек?" деген сауал төңірегінде: "Газетке деген сұранысты басқа ақпарат құралымен салыстыруға болмайды. Бірінші, техникалық мүмкіндік деген бар. Жапонияда күніне екі рет шығатын газеттер бар. Таралымы  2 млн-ға жетеді. Технологиясы дамыған қоғамның өзі газет оқиды. Ал біздің елдегі газеттің болашағы бар ма? Газет өлмес үшін басқалар жазбаған мәселелерді қозғауы тиіс" деген пікірін айтты. 

 Сондай-ақ, ол: «Технология газетті өлтіреді деген пікір дұрыс емес. «Газет "тірі" қалуы үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап керек болса, біріншіден отандық газеттерде салмақты, зерттеу мақалалар шығып жатыр. Екіншіден, баспасөз «Мен қазақпын», «Қазақ дәстүрі» сияқты тақырыптардан кетті. Газеттерді оқысаңыз, жасанды интеллект, 5G, төртінші индустрияның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері және басқа да өзекті мәселелер кеңінен жазылып жатыр», – дейді. 

«Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараевтың айтуынша, қазіргі уақытта газеттер аптасына бір рет қана шықпайды. «Мысалы, «Егемен Қазақстан» газеті аптасына бес рет, «Айқын» газеті аптасына төрт рет шығады. Телевидениеде жаңалықтар күніне 4-5 рет беріледі. Жылдамдық жағынан сайттарға ілесе алмағанмен, бірақ импульс беруді ұмытпайды. Басты бәсекелес - сайттар мен дәстүрлі емес аккаунттар болуы мүмкін. Олар барынша жылдам таратады. Газеттер қоғамда  жиі талқыланып жатқан мәселелерді жан-жақты зерттеп, сараптап жазуы тиіс. Газетте дамудың басқа бағыты жоқ. Ең бірінші, әр газет өзінің цифрлық медиасын дамытуы керек. Газетке келгелі осы талаптан шығуға тырысып келеміз», – деді. 

Тегтер: