USD
USD
USD

Qarmet энергетикалық қуатын арттырып, жаңа рекорд орнатты

Qarmet-тің жылу электр орталықтары – ЖЭО-2 және ЖЭО-ПВС – компания тарихында алғаш рет электр энергиясын өндіру бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. 2026 жылдың мамыр айында орташа сағаттық қуат 393 МВт-ты құрады, ал өндірілген электр энергиясының жалпы көлемі 292 млн кВт/сағ-тан асты. Бұл – Теміртаудағы металлургиялық комбинаттың бүкіл жұмыс кезеңіндегі ең жоғары нәтиже.

Qarmet
Фото: Qarmet

2023 жылдан бастап, компанияның энергетикалық кешенін қалпына келтіру бағдарламасы іске қосылғаннан бері, электр энергиясын өндіру көлемі 30 пайызға артты. Бұл меншікті генерация қуаттарының тиімділігі тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Қазақстанда жылу энергетикасы инфрақұрылымын жаңғырту және генерация қуаттарының сенімділігін арттыру энергетика саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Осы тұрғыда меншікті ЖЭО-ларды дамыту өнеркәсіптік өндіріс пен өңірлік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Qarmet
Qarmet

2024 жылдан бастап компания энергетикалық кешенді қалпына келтіру және дамыту бойынша жүйелі бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Бұған дейін кәсіпорынның энергетикалық инфрақұрылымында генерация қуаттарының техникалық жай-күйі мен сенімділігін арттыруға қатысты ауқымды міндеттер жинақталған еді. Осыған байланысты Qarmet энергетиктердің жүйелі жұмысын күшейтіп, жабдықтарды қалпына келтіру бағдарламаларын кеңейтті және жаңа жаңғырту жобаларын іске асыра бастады.

Компания өкілдерінің айтуынша, қол жеткізілген нәтижеге энергетикалық бөлімшелердің үйлесімді жұмысы әсер еткен.

Qarmet
Qarmet

«Жүйелі жаңғырту және жабдықтарды жауапкершілікпен пайдалану ЖЭО жұмысының сенімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде біз кәсіпорынның өндірістік қажеттіліктері үшін электр энергиясын сапалық тұрғыда жаңа деңгейде тұрақты түрде өндіруді қамтамасыз етіп отырмыз», – деп атап өтті Qarmet энергетиктері.

Маңызды жобалардың бірі – 2025 жылы пайдалануға берілген ЖЭО-2-дегі №7 қазан агрегатының құрылысы. Барлық сынақтан өткеннен кейін агрегат жылыту маусымында Теміртау тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ЖЭО-ПВС-та №1 қазан агрегатының құрылысы жалғасып жатыр. Оны іске қосу 2026 жылға жоспарланған. Компания энергетикалық жабдықтарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бағдарламаларын да жүзеге асырып келеді. Бұл жүйелердің сенімділігін арттырып, жоспардан тыс тоқтап қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Qarmet
Qarmet

Бүгінде Qarmet-тің энергетикалық кешені компанияның өндірістік жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі саналады және металлургиялық өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын 2030 жылға дейін жаңа өндірістік қуаттарды дамыту аясында меншікті генерация көлемін одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Компанияның басты мақсаты   өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз ету.

Энергетика бағытын дамыту Qarmet стратегиясының маңызды бөлігі болып қала береді. Бұл өндірістің тұрақтылығын арттыруға және сыртқы энергия ресурстарына тәуелділікті төмендетуге бағытталған.

Қол жеткізілген нәтижелер компания энергетиктерінің жүйелі еңбегінің арқасында жүзеге асты. Олар ЖЭО мен кәсіпорынның энергетикалық инфрақұрылымының тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық