USD
USD
USD

Qarmet шахтасынан 155 жұмысшы шұғыл эвакуацияланды

Бұл туралы Qarmet компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Абай шахтасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына 7 қараша күні сағат 20:29-да Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен. Бұған «Қарағанды» ЖШС №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы себеп болды. Кешкі ауысымда болған 155 адам шұғыл шығарылды.

Кәсіпорынның барлық қызметі тиісті алгоритмдерге сәйкес жедел әрекет еткен.

Қазіргі уақытта электр қуаты қалпына келтіріліп, шахтада тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек