2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Qalleki театр лабораториясы «Шеңбер» атты қойылымның премьерасын ұсынады

«Шеңбер» атты қойылымның премьерасы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз орталығы.

Т
Фото: Қаллеки театрының баспасөз орталығы

Алматы, NEGE. Қойылым неміс драматургі Бертольт Брехттің «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған. Қазақ тіліне аударған – Зұлқарнай Сақиұлы. Спектакльдің қоюшы режиссері – Ұлан Қабыл, қоюшы суретші әрі киім суретшісі – Шынар Елембаева.

Спектакльде соғыс кезінде тағдыр тәлкегіне түскен сәбиді құтқарған Груша есімді қарапайым қыздың жанкештілігі баяндалады. Ол өз өмірін қатерге тігіп, бөтен баланы анасындай қорғап қалады.

«Шеңбер» – адамгершілік, әділдік және аналық махаббат тақырыптарын көтеретін терең мазмұнды қойылым. Эпикалық драма жанрында сахналанатын бұл туынды көрерменді түрлі сезім мен ойға жетелеп, уақыт пен кеңістіктен тыс адамзаттық құндылықтарды қайта таразылауға мүмкіндік береді.

Спектакльдің актерлік құрамы: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Боранбай Молдабаев, Мейрам Қайсанов, Гүлбаршын Қылышбай, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Аманжол Молдахмет, Қасымхан Бұғыбай, Бақытгүл Батырханова, Дастан Әлімов, актриса Айман Карпсеитова, Нұрсұлтан Есен, Нұрбек Съезхан, Динара Егубаева, Айкөркем Тұранова, Аяужан Малғаждарова, Ақжан Құрмашева, Қайыржан Садықов, Бибарыс Орман, Марғұлан Наменов, Әли Жарасұлы, Нұрхан Қосанов, Бейбарыс Сәрсенов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі