USD
USD
USD

Путинцева Носковамен екінші рет кездеседі

Бүгін Дубай (БАӘ) WTA 1 000 турнирі басталады. Жүлде қоры 3,6 млн АҚШ долларынан асатын аталмыш ірі жарыс 16-22 ақпан аралығында өтеді, деп жазды kazinform.kz.

П
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстанның екінші, әлемнің 20-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 33-орында тұрған 20 жастағы чехиялық Линда Носковамен ойнайды.

Бір қызығы, 11 ақпан күні қазақстандық теннисші Дохадағы дәл осындай доданың екінші айналымында Носковадан 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Сонымен қатар Путинцева чехиялық спортшымен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Олардың бастапқы қарсыластары – қытайлықтар Синьюй Ван – Чжэн Сайсай.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай жарысын екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 37-ракеткасы, биылғы Доха турнирінің финалисі, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 63-сатыда тұрған Моюка Учижиманың қай жеңгенімен шеберлік таласады. Жапониялық теннисшіні Дохада Ю.Путинцева жеңген болатын.

Өткен жылы Дубайда Е.Рыбакина ширек финалға дейін жетсе, Ю.Путинцева қатыспаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова