USD
USD
USD

Путиннің Қазақстанға келетін күні белгілі болды

Путиннің Қазақстанға сапары туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесуі барысында айтты.

Путин мен Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

 Алматы, NEGE. Лавровтың айтуынша, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

«Біз Ресей Федерациясы Президентінің 27 қарашадағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына үлкен дайындық жүргізіп жатырмыз», - деді Лавров.

Путиннің сапарына байланысты ондаған құжат дайындалып жатқаны мәлім болды. 

Бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президентінің Қазақстанға сапарына дайындық барысы туралы хабарлаған еді. Путин Қазақстанға соңғы рет шілде айында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова