USD
USD
USD

Путиннің сарайы: Навальный барлық құпияның бетін ашты (видео)

Алексей Навальныйдың Youtube каналында екі сағаттық «Дворец для Путина. История самой большой взятки» атты фильмі шықты. 

Путиннің сарайы: Навальный барлық құпияның бетін ашты (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. YouTube-те жарияланған фильм бір күннің ішінде 20 млн-нан астам қаралым жинап үлгерген. Видео Навальныйдың Ресейге оралғанға дейін жазып алынған. 

Навальныйдың командасының мәліметінше, Краснодар өлкесінің Прасковеевка ауылындағы президенттің сарайына 100 миллиард рубль жұмсалған. Видеодағы тергеу мәтіні мен барлық құжаттарды осы жерден табуға болады. 

Осы фильмнен кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың фильмі туралы пікір де білдірген болатын.

"Жоқ, біз фильммен танысқан жоқпыз. Шын мәнінде, мұның барлығы - жалған", - деп жауап берген Дмитрий Песков журналистердің сауалына. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

жеке дерек

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы