USD
USD
USD

Путиннің күзетшісі Қазақстанға НЕГЕ қашып келді?

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты Ресей Федералдық күзет қызметінің (ФСО) майоры Михаил Жилинді 40 күнге тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Компромат СНГ телеграм-каналы жазды.

Путиннің күзетшісі Қазақстанға НЕГЕ қашып келді?
Фото: NEGE.kz

Федералдық күзет қызметі Ресей президентінің және өзге де лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні белгілі. Ендеше, ФКҚ офицерінің Қазақстанға қашып келуіне не себеп болды? Ресей тарапы Жилинді экстрадициялауды талап етіп жатқан көрінеді. Соған қарағанда, бұл істің құпиясы көп сияқты.

Жилин Қазақстанда қашқын мәртебесін алғысы келген екен. Өйткені ол Ресейде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және дезертирлік бабы бойынша айыпталып отыр. Алдыңғы баппен екі жылға дейін жаза кесілсе, кейінгісі бойынша 15 жылға сотталуы мүмкін.

М.Жилин ФКҚ-да 18 жыл қызмет еткен. Арнайы байланыс орталығында инженер болған. Үкіметтік байланысты қамтамасыз еткен оның мемлекеттік құпияны білетіні анық.

ФКҚ офицері мобилизациядан қашып келуі мүмкін бе? Телеграм-каналдың жазуынша, Жилиннің жеке басына соғысқа бару қаупі тумаған. Өйткені мұндай арнайы мамандарды соғысқа жібермейді. Сондықтан бұл әрекеттің себебі мүлдем басқа болуы мүмкін.

Жилин 26 қыркүйекте әйелімен және екі баласымен бірге Новосібір қаласынан шығып, қазақстанға бет алады. Әйелі мен екі баласын Қоянбай шекара бекетінен өткізеді де, өзі орман арасымен Қазақстан аумағына заңсыз кірмек болғанда қазақ шекарашыларының қолына түскен.

30 қарашада арнайы комиссия оның қашқын мәртебесін беру туралы өтінішін қарап, қанағаттандырусыз қалдырған. Ал 2 желтоқсанда сот Жилинді жарты жылға шартты түрде соттап, Қазақстан шекарасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдаған.

Бұл оқиға Ресей президенті В.Путиннің онсыз да жұқарған жүйкесіне ши жүгірткендей болғаны анық. Путин арнайы қызмет өкілдеріне аса сақ қарайды. Бұдан бірнеше жыл бұрын Лондонда өлтірілген Литвиненконы еске түсірейік. Ол да арнайы қызметтің офицері еді.

Әрине, Қазақстан қашқынын Ресейге қайтарып береді. Бірақ «Жилин не себепті Қазақстанды таңдады?» деген сұрақ саналы адамды түрлі ойға жетелейтіні анық.

NEGE порталы бұл оқиғаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдайды.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana