USD
USD
USD

Путиннің қасиетті суреті 1270 доллар тұрады

«Ресейліктер өз президентіне деген «махаббатының» шектен шығуы жөнінен надандықтың тағы бір белесін бағындырды», – деп жазады Аркадий Чаплыгин деген әлеуметтік желі қолданушысы өзінің Twitter парақшасында.

Путиннің қасиетті суреті 1270 доллар тұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желі қолданушының айтуынша, Санкт-Петербордың «Пулково» әуежайында Путиннің суреті бейнеленген икона сатыла бастаған. Бағасы – 80 мың сом. Теңгеге шаққанда 480 мың ₸. Халықаралық бағаммен – 1270 доллар.

Бұл ақшаға Путиннің суретімен қоса «Николай Чудотворецтің» киелі бейнесі және Кремль басшысының шағын суреті бейнеленген браслет пен тұмар алуға болады. Бір сөзбен айтқанда, бәле-жаладан қорғап жүретін толықтай киелі комплект келеді.

Бұған дейін Жаңа жылдың алдында Омскінің мектеп оқушыларына Путиннің суреті бейнеленген шоколад таратылған. Бұл жөнінде ВКонтакте желісінде «Ревизорро Омск» парақшасы жыл басында арнайы пост жариялады.

Кремль басшысының суреті Ресей жұрты үшін «киелі кескінге» айналғаны бір бұл емес. Осыдан үш жыл бұрын, 2017 жылы Калининградтың Храброво әуежайында Путинді икон кескінінде бейнеленген «киелі тақтайшалар» жолаушыларға 10 доллардан ұсынылған. Ол кезде «Кәріптаспен (янтарь) безендірілген бұндай икон-тақтайшалар неге арзанға сатылады?» деп желіқолданушылар біршама күлкіге айналдырған болатын.

Дәл осындай жылтырақ тастармен безендірілген Путиннің шағын портреттерін интернет арқылы 34 мыңнан 45 мың сомға дейін арнайы тапсырыс беріп, сатып алуға болады екен.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды