USD
USD
USD

Путиннің баспасөз хатшысы: Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ

"Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ", - деп түсініктеме берді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Путиннің баспасөз хатшысы: Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналистер Песковтан Путиннің даулы сұхбатына қатысты түсініктеме беруін сұраған. БАҚ өкілдері Ресейге қандай сыйлықтар қайтарылуы керегін сұрап білді.

Песков Ресейдің көрші елдерге территориялық шағымы жоқ екенін тілге тиек еткен. 

Тақырыпқа орай: Путин көрші елдерден ашық түрде жер даулай бастады

 

«Президент сұхбат барысында сыйлық туралы айтқан жоқ, ол Конституцияда бұрын жіберілген қателер туралы баяндады. Президент Конституцияға енгізілген түзетулер Ресей мемлекетінің егемендігі мен тұтастығын нығайтатынын атап өтті. Ол сонымен бірге КСРО құрылған кезде одан республикалардың шығу құқығы болғанын айтты. Егер республика Одақтың құрамында болып "Ресейдің орасан зор жерін" алса, олар сол жермен бірге одақтан кететін еді», - деді Песков Путиннің «Россия 1» телеарнасындағы «Россия. Кремль. Путин» фильмінде айтқан сөзіне пікір білдіре отырып.

Еске салайық, мұның алдында Владимир Путин КСРО құрамынан шыққан республикаларға қатысты пікір білдірген еді. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға