USD
USD
USD

Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты пікір білдірді

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформаларға қатысты пікір білдірді.

Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстандағы саяси реформаларға қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Қазақстанда жарияланған саяси реформалар екіжақты қарым-қатынасты бұзбайды.

«Біз екіжақты қарым-қатынасымыздың болашағын және Қазақстанның келешегін тек жарқын болғанын көргіміз келеді. Қазақстан - біздің үлкен серіктесіміз, біздің диалогымыздың, одақтастығымыз бен әріптестігіміздің маңызын бағалау қиын. Әріптестік одан әрі дами береді деп сенеміз, Қазақстанның өзіне сенімді, аяғынан нық тұрған тұрақты ел болғанын қалаймыз», - деді Песков. 

1 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын күзде өткізуді ұсынған болатын.

Ал, саясаттанушы Дмитрий Фетисов «Известия» басылымына берген сұхбатында Тоқаев өз ұсынысымен Қазақстанның Батыс елдері ойлағаннан әлдеқайда еуропалық екенін көрсетуге тырысатынын айтқан. 

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко