Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

 Путинге сұрақ қойған журналист НЕГЕ жазықты болды?

«Ямал-Регион» телерадиокомпаниясының журналисі Алиса Яровская жыл сайын өтетін баспасөз мәслихатында Ресей президенті Владимир Путинге сұрақ қойған соң жұмыстан шығуға мәжбүр болды, – деп жазады  Znak.com мен Ura.ru басылымдары.

 Путинге сұрақ қойған журналист НЕГЕ жазықты болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналист Алиса Яровская президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметінше, бастапқыда көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған. Жиында Яровская Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов құрылыс жұмыстары жүруі үшін барлығын жасап жатқанын, бірақ жобаның жүзеге аспай жатқанын айтқан. Бірақ шенеуніктер Яровскаяның бұл сұрағына наразы болды.  

Телеарна редакциясы басқа сұрақ қоюы тиіс болған екен. Яровская РИА Новости басылымына берген сұхбатында жұмыстан өз еркімен кеткенін айтады. Бірақ ол нақты қандай себеп болғаны турады айтпаған. Губернатор Дмитрий Артюховтың баспасөз қызметі журналистің өз еркімен жұмыстан шыққанын растады. «Баспасөз қызметіндегілерде оны жұмыстан шығарып жіберді деген ақпарат жоқ. Бүгін Алиса Яровская өз еркімен жұмыстан шығу үшін өтініш жазды», – деп хабарлады губернатордың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov