USD
USD
USD

Путинді сотқа берді

Жемқорлықпен күрес қоры Ресей президенті Владимир Путинді сотқа берді. Мұны қорды құрған Александр Навальный өзінің сайтында жариялады.

Путинді сотқа берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арыз иелері «Путинді қордың ісіне қатысты процестегі әрекетсіздігіне және конституциялық құқық өрескел әрі жүйелі түрде бұзылып жатқанына айыпты» деп есептейді.

Навальныйдың айтуынша, Жемқорлықпен күрес қорына жер-жерде қысым қатты жасалып жатыр. «Қысымның ауқымына қарап-ақ, мұның бәрі президенттің пәрменімен жасалып жатқанын аңдауға болады» дейді Навальный.

Кеше Мәскеудің Тверь соты талап арызды тіркеп, «өндіріске алу мәселесі жуық арада шешіледі» деп жауап беріпті.

Естеріңізге сала кетейік, А.Навайльный басқаратын қор Ресей билігіндегі жемқорлар жөнінде жиі зерттеу жариялайды. Мәселен, соңғы зерттеулерінің бірі – Роскосмос пен оның басшысы Дмитрий Рогозинге арналған.    

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy