USD
USD
USD

Путинді 2036 жылға дейін президент ететін түзетулер мақұлданды

Ресей Мемлекеттік Думасы соңғы, үшінші оқылымда Конституцияға енгізілуге ұсынылған түзетулерді мақұлдады.

Путинді 2036 жылға дейін президент ететін түзетулер мақұлданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл түзетулердің арқасында Владимир Путин тағы да ел президенті болып сайлана алады.

Путин парламент пен Мемлекеттік кеңестің өкілеттіктерін арттыру қажеттігін желеу етіп, конституциялық реформаларды қаңтар айында бастап берді. Заң бойынша, президент Путиннің кезекті алты жылдық мерзімі 2024 жылдан кейін аяқталуы тиіс. Енді Путин сол уақыттан кейін де билікте қалу мүмкіндіктерін іздестіруде деген әңгімелер пайда болды.

Мемлекеттік Дума мақұлдаған заң жобасында Конституцияға 200-дей түзету енгізу көзделген, оның ішінде Путиннің өткен-кеткен президенттік мерзімдерін есептен алып тастайтын баптар бар. Бұл заңға қол қойылса, Путиннің билікте 2036 жылға дейін отыратын мүмкіндігі пайда болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy