Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Путин Зеленскиймен кездесе ме?

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскийді екіжақты қатынастарды талқылағысы келсе Мәскеуде кез келген ыңғайлы уақытта қабылдауға дайын екенін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Путин Зеленскиймен кездесе ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зеленский сейсенбіде елдің қауіпсіздік жағдайы туралы бейнеүндеуде Ресей президентіне «Украинадағы Донбасстың кез келген нүктесінде кездесуді» ұсынған еді.

«Егер екіжақты қатынастарды дамыту туралы айтатын болсақ, онда біз Украина президентін Мәскеуде кез келген уақытта қабылдаймыз», – деді Путин Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесу кезінде журналист сұрағына берген жауабында.

«Украина президенті Зеленский қарым-қатынасты қалпына келтіргісі келсе, онда біз оны қолдаймыз», – деді Путин.

«Бұдан туатын сұрақ: біз ол кездесуде нені талқылаймыз? Егер Донбасс мәселелерін талқылау туралы айтатын болсақ, онда бірінші кезекте Украина басшылығы Луганскі халықтық республикасы және Донецк халық республикасы басшыларымен кездесіп, содан кейін бұл мәселелерді Ресей өкілдерімен талқылауы керек», – деді Ресей президенті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапқа тартылды

қос азаматтық

Грузия алғаш рет Қазақстаннан 3,2 млн долларға мұнай сатып алды

Мұнай