USD
USD
USD

Путин Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады

Ресей Президенті Владимир Путин Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады.

 Путин Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Путин Макронға Украинадағы жағдайды реттеу Ресейдің қауіпсіздік саласындағы заңды мүдделерін ескергенде ғана мүмкін болатынын айтты. Оның ішінде Ресейдің Қырымға қатысты егемендігін мойындау, Украина мемлекетінің демилитаризациясы (қарусыздандыру) мен денациациясы, Украинаның бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету бар.

Макрон халықаралық қауымдастықтың Ресейдің Украинаға шабуылын тоқтату туралы талабын тағы бір еске салып, дереу атысты тоқтату қажет екенін айтты. Нақты айтқанда, Франция басшысы «бейбіт тұрғындар мен тұрғылықты жерлерге, барлық азаматтық инфрақұрылымға, негізгі жолдардың, атап айтқанда, Киевтің оңтүстігіндегі жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қарсы барлық соққы мен шабуылды тоқтатуға» шақырды.

«Президент Путин осы үш тармақты ұстануға дайын екенін растады», – деді Франция басшысының әкімшілігі.

Сонымен қатар, Макрон халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға және Украинадағы бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық