USD
USD
USD

Путин Тоқаевты әуежайдан шығарып салды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Омбы қаласында Аймақаралық әріптестік форумына қатысты. Форумда талқыланған басты мәселе – екі мемлекеттің шекара аймағындағы байланысын дамыту.

Путин Тоқаевты әуежайдан шығарып салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды: «Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, Форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді. Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды».

Ресей президенті В.Путин осы әрекетімен-ақ ел арасындағы «Путин Тоқаевты мойындай қоймайды» дегенге саятын абың-күбің әңгімені жоққа шығарғандай.

Nege.kz

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж