Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Путин Ресейді қорғау үшін ядролық қару пайдалануы мүмкін екенін хабарлады

Батыс Ресейдің күйреуі туралы айтып жатыр. Олардың ядролық қаруды қолдану қаупі бар, деді Путин.

Путин Ресейді қорғау үшін ядролық қару пайдалануы мүмкін екенін хабарлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Путин елдің тұтастығын қорғау үшін қолындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін айтып қалды. 

РФ президентінің айтуынша, НАТО Ресейдің оңтүстігінде «барлау жүргізіп жатыр». Ол Ресейдің де ядролық қаруға ие екенін ескертті. 

«Біз халқымызды қорғау үшін барлық құралдарды қолданамыз. Бұл жай айтылған ескерту емес. Біздің тәуелсіздігіміз бен еркіндігіміз қолда бар барлық құралдармен қорғалады», - деді Путин. 

Ол Батыс елдері Украинаны Ресейге қарсы пайдаланып отыр деп есептейді. 

«Батыстың мақсаты - елімізді әлсірету, бөлу және түптеп келгенде жою. Олар 1991 жылы Кеңес Одағын ыдыратқанын, енді Ресейдің өзін де ыдыратудың кезі келгенін тікелей айтып жатыр», - деді президент. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық