Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Путин Назарбаевқа Кенесарының бас сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде етті

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтаруға көмектесуге уәде берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Путин Назарбаевқа Кенесарының бас сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселелердің бірі қазақ халқының қасиетті артефакті - Кенесары ханның сүйегін іздеу және Қазақстанға қайтару тақырыбы болды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен бұл жұмысқа көмек көрсетуді сұрады. Елбасы қазақ халқы үшін соңғы хан сүйектерінің туған жеріне көміліп, оның жаны тынышталғаны өте маңызды екенін ерекше атап өтті.Владимир Владимирович Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ресей тарапы оған жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Путиннің айтуынша, артефакт табылып, Қазақстан халқына қайтарылады", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық