USD
USD
USD

Путин мен Макронның кездесуі алты сағатқа созылды

  Мәскеу барлық тарапқа ұнайтын мәміле жолын табуға барын салуға дайын.

Путин мен Макронның кездесуі алты сағатқа созылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин француз басшысы Эммануэль Макронмен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Путин Украинаға қатысты жағдайды реттеуге атсалысқаны үшін Макронға алғыс білдірді. Ресей президенті басқыншылық жасау туралы әңгіменің ақылға сыйматынын айтып, ақталды.

Ресей президенті Владимир Путин: "Дәл қазір Вашингтон мен Брюссельдің сұрақтарына жауап ретінде құжат әзірлеп жатырмыз. Бұл құжатта талқылайтын дүние жетіп-артылады", – деді.

Макрон алдағы күндер қақтығыс жағдайын реттеуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Оның ойынша, тараптарда Еуропа үшін бейбіт жолды табу үшін уақыт пен мүмкіндік мол. Француз президенті қауіпсіздікке қол жеткізу үшін бірге жұмыс істеу керек деп есептейді. Путин мен Макронның кездесуі 6 сағатқа созылды.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Қақтығысты жағдайды реттеу үшін негізгі мәселелер бойынша мәмілеге келуіміз қажет. Біз ұзақ әңгімелестік. Енді Еуропада қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жаңа тәртібін орнату үшін бірлесе жұмыс істеуге ерік-жігер танытқанымыз жөн. 

Қазір оқып жатыр

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков

Атырауда оқушылар көшеден тауып алған ақша толы әмиянды полицияға тапсырып, көпшілікті сүйсінтті

Полицей мен балалар