USD
USD
USD

Путин мен Ердоған Таулы Қарабақ келісіміне қатысты пікір алмасты

 Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.

Путин мен Ердоған Таулы Қарабақ келісіміне қатысты пікір алмасты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әңгіме барысында РФ, Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақта атысты тоқтату келісімі талқыланды. ТАСС агенттігінің мәліметінше, Владимир Путин түрік әріптесіне 9 қараша күні Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен жасалған үшжақты келісім туралы ақпарат берген. Режеп Тайып Ердоған Ресейдің бітістіруші тарап ретіндегі күш-жігерін жоғары бағалап, бұл жағдай Таулы Қарабақ дауын реттеудің ұзақмерзімді және бәрін тегіс қамтитын сатысына өтуге жақсы негіз болатынын айтқан. Екі ел басшысы сонымен қатар атысты толық тоқтату келісімінің маңызын атап өтті.

Бұл әскери іс-әрекетті үзуге мүмкіндік берген. Анадолы агенттігінің жазуынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келіссөз барысында кеше кешкісін Таулы Қарабақ проблемасын түпкілікті шешуге дұрыс қадам жасалғанын айтқан. Түрік Республикасы Президентінің сөзіне сенсек, бұл кезеңде ең маңызды мәселе - Арменияның Әзербайжан, РФ және Армения арасында жасалған үшжақты келісімнің талаптарын бұлжытпай орындап, оқ атпауы. Еске сала кетейік, кеше Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғанын мәлімдеген еді. Аталған құжатқа Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қол қойған. Онда 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттерді толық тоқтату туралы келісім жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта