USD
USD
USD

Путин: Қытайға көмектесуге дайынбыз

Қытай билігі коронавируспен күресу ісінде батыл шаралар қабылдады. Ресей Қытай еліне көмек көрсетуге дайын, деді Владимир Путин елшілерге сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Путин: Қытайға көмектесуге дайынбыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазір Қытаймен қоса барлық әлем елдеріне коронавирустық инфекцияның таралу қаупі төніп тұр. ҚХР басшылығы оны тоқтату үшін шешуші және нақты шараларды қабылдауда. Біз достас қытай халқына көмек көрсетуге  дайынбыз», - деді Путин.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан 490 адам қайтыс болып, 24 мыңнан астамы індет жұқтырған.

Бүгін, 5 ақпан күні ҚХР СІМ-нің өкілі Хуа Чуньин «Қытай жаңа коронавирустың таралуына қарсы күресте жақында бетбұрыс жасайды, сырқат жандар емделеді әрі қауіпті індеттің таралу оқиғалары сирейді» деп үміттенетінін айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж