USD
USD
USD

Путин Қырым көпіріндегі жарылысқа Украинаны кінәлады

Ресей президенті Владимир Путин Қырым көпіріндегі жарылысқа Украинаны кінәлады.

Путин Қырым көпіріндегі жарылысқа Украинаны кінәлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей президенті: «Қырым көпіріндегі жарылыс – теракт, оны Украинаның арнайы қызметі ұйымдастырды», – дейді. Таяуда Владимир Путин Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесті. Оның айтуынша, терактіні ұйымдастырғу Ресей мен шетел азаматтары да қол ұшын берген. «Күлі көкке ұшқан жүк көлігі Болгария, Грузия, Армения, Солтүстік Осетия мен Краснодар өлкесі бағытымен жүрген», – дейді ол. Бастрыкинның айтуынша, оқиғаға қатысты терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресейдің бұл мәлімдемесіне қатысты Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Твиттердегі парақшасында: «Көпірдегі жарылыс басы ғана және заңсыз орындардың барлығы жойылу керек», – деп жазған.

Владимир Путин, Ресей президенті:

- Бұл Ресей Федерациясының өте маңызды азаматтық инфрақұрылымын жоюға бағытталған теракт екеніне еш күмән жоқ.  Ал оны Украинаның арнайы қызметі ұйымдастырған.

Қазір оқып жатыр

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Қайрат

Ақтөбеде кәсіпкерді атып кетті деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Күдікті

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер