USD
USD
USD

Путин Қырғызстан президенті Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттады.

Путин Қырғызстан президенті Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марапат Қырғыз-Ресей қатынасын дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін берілді. Тиісті құжат Ресей Федерациясының ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

«Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нұрғожаұлы Жапаровты «Құрмет» орденімен марапаттаймыз», - делінген құжатта.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас