USD
USD
USD

Путин Қазақстанның қай ісіне сүйсінді?

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Қытаймен, посткеңестік мемлекеттермен экономикалық байланысын кеңейтуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым жеткіліксіз екенін мойындады. Мемлекет басшысы осы мәселені шешу қажет екенін атап өтті.

Путин Қазақстанның қай ісіне сүйсінді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайынғы үлкен баспасөз конференциясында Путинге Самара облысындағы Еділ өзеніне салынып жатқан көпір туралы сұрақ қойылды. «Бұл жоба мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарады, өйткені Қытаймен арадағы тауар айналымы өсіп жатқанына қарамастан, біздің Кеңес одағындағы бұрынғы туысқан мемлекеттермен, қазіргі тәуелсіз елдермен арадағы тауар айналымы өте үлкен екеніне қарамастан, инфрақұрылым жеткілікті дамымай отырғаны анық», – деді РФ президенті.

«Біз өкінішке қарай, бұл жағынан қазақстандық достарымыздан кішкене қалып қойдық. Олар Қытайға апаратын жолдың өздеріне тиесілі бөлігін салып бітірді, біз жол салу жұмысын қолға алуға тиіспіз», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол бұл жұмыстың міндетті түрде іске асатынына сендірді.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park