USD
USD
USD

Путин Қазақстанға АЭС құрылысына қолдау білдіретінін айтты

Ресей президенті Владимир Путин егер Қазақстан атом электр станциясын салса, кадр даярлау ісіне көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Путин Қазақстанға АЭС құрылысына қолдау білдіретінін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Путин Ресей көршілердің, достары мен одақтастарының, соның ішінде Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға қатысты жоспарларын мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

"Егер сіздер атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдайтын болсаңыздар, Ресей қазақстандық серіктестеріне оны тұрғызу және эксплутациялау ісіне өз көмегін ұсынады. Атап айтқанда, республикада ресейлік дизайндағы АЭС құрылысы жайлы сөз болуы мүмкін. Бірақ ол ғана емес. Бұл жерде тұтас бір сала құру туралы сөз қозғалып отыр. Оған Ресейдің жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдаланумен байланысты жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даяурлау да кіреді", – деді Путин Қазақстан мен Ресей  президенттері қатысып жатқан XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Оның айтуынша, АЭС ауаны аз ластайды.

Путин мамандар тиімді газ тазарту құрылғыларын орнату арқылы технологияны жетілдіріп, атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін барынша азайтуға қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы