USD
USD
USD

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады

Владимир Путин қазақстандықтарды құттықтады.

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ресей Президентінің сайты.

Ресей мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа салалардағы жетістіктеріне жоғары бағасын беріп, сондай-ақ елдің әлемдік аренадағы жоғары абыройын атап өтті.

«Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ сияқты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық жемісін беріп жатыр», - деп атап өтті құттықтауында Ресей президенті.

В.Путин екі ел халықтарының игілігі және еуразиялық құрлықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі үшін қазақстандық-ресейлік конструктивті байланысы одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе