Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Путин ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды

  Ресей президенті Владимир Путин Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды.

Путин ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шара бұған дейін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен Кремльдің Екатерина залында өтті. Оған ресми түрде мойындалған республикалардың басшылары Пасечник пен Пушилин қатысты. Тараптар  арасындағы достық, ынтымақтастық және көмек туралы келісім жасасты. Айта кетейік, бұған дейін Путин телеүндеуінде Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін мойындау туралы мәселеде дереу шешім қабылдайтынын хабарлаған болатын. Путиннің бұл әрекетін Еуропа басшылары қатаң сынға алды. Саясаткерлер Ресейдің бұл шешімі халықаралық құқықты бұзып «Минск келісімдерін тоқтатады» дегенді алға тартты.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел