USD
USD
USD

Путин Ауғанстаннан қауіп төніп тұрғанын айтты

Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті барысында Ауғанстанның Азия өңіріне төндіретін қауіп-қатері туралы айтты.

Путин Ауғанстаннан қауіп төніп тұрғанын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей басшысы АҚШ әскері шыққаннан кейін Ауғанстанда терроризм проблемасы өршіп кеткенін, бүгінде ауған елі басты қауіп-қатердің бірі екенін атап өтті.

"Өкінішке қарай, Ауғанстан біздің өңір үшін қауіпсіздіктің өткір сын-қатерлерінің бірі болып отыр. Бүгін мұны әріптестерім де айтты. Жиырма жылдан астам уақыт болған НАТО мен АҚШ әскері шығып, олардың саясаты сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, бұл ел террористік қауіп-қатерлермен байланысты проблемаларын өздігінен шешуге қауқарсыз болып шықты", - деді Путин.

Ресей лидері Ауғанстанның заңсыз бұғатталған қаражатын қайтаруды және басқыншылық жылдары елге келтірілген шығынды өтеуге шақырды.

"Біз табанды түрде ауғандарға басқыншылық жылдары келтірілген шығынды өтеуге және заңсыз бұғатталған ауған қаржысын бұғаттан шығаруға шақырамыз", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.