Путин «Ана капиталын» көбейтуге уәде берді
Ресей президенті Владимир Путин 2020 жылға арналған жолдауын жасады. Ол әуелі әлеуметтік мәселелерден бастады.
Алматы, NEGE. Ресей президенті В.Путин «Ана капиталын» көбейтуге уәде беріп, жәрдемақыны бірінші бала өмірге келген сәттен төлеу керектігін айтты. 2020 жылдан бастап бірінші баласын өмірге әкелген ата-ана 466 мың 616 рубль жәрдемақы алуы тиіс. Ал екінші баласы үшін қосымша 150 мың рубль төленеді, сондай-ақ, үшінші баладан кейін мемлекет ипотека алған баспананың 450 мың рублін жауып береді.
Президенттің айтуынша, «Ана капиталы» бағдарламасы 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатынын жеткізді.
«Себебі, мемлекет жаңадан отбасы құрған жастарды қолдауы керек. Олардың өмірге бала сүйіп, баспаналы болуына мүмкіндік жасау қажет. Қазірдің өзінде екінші баланы өмірге әкелген отбасы үшін қолдау жеткіліксіз көрінеді», – деді В.Путин.
Сондықтан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері 3 жастан 7 жасқа дейін төленетін ай сайынғы жәрдемақы көлемін қайта қарастыру керектігін тілге тиек етті.