USD
USD
USD

Путин Трампқа Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты қандай ұсыныс айтты

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу кезінде Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде ұсыныс айтты.

АҚШ
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол Мәскеуге Донецк облысын толық бақылауға беруді ұсынып, есесіне Запорожье мен Херсон бағыттарында белгілі бір ымыраға баруға дайын екенін мәлімдеді. 

Басылым дерегінше, осы аптадағы телефон арқылы сөйлесу кезінде Путин Ресейдің жартылай басып алынған Запорожье мен Херсон облыстарының бөліктерінен бас тартуға дайын екенін, бірақ Киев Донецк облысын толықтай Ресейге беруге келіскен жағдайда ғана бұл мүмкін екенін айтқан.

Алайда жоғары лауазымды еуропалық дипломаттың сөзінше, Украинаның мұндай ұсынысты бейбітшілікке қадам ретінде қабылдауы екіталай.

– Бұл – ештеңе алмай, өз аяғыңды өзіңе сатумен тең, – деді дипломат.

The Washington Post дерегіне сүйенсек, жұма күні Трамптың өкілі Стив Уиткофф украин делегациясымен кездесуде де Донецк облысын Ресейге беруді қолдап, бұл өңір «негізінен орыстілді» екенін алға тартқан.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.