USD
USD
USD

Путин Тоқевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру жөніндегі ұсынысына жауап берді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Омбыдағы кездесуден кейін Украинадағы соғыс мәселесін қайта қозғамағанын айтты.

Путин
Фото: kremlin.ru

Астана, NEGE. Путиннің сөзінше, Ресей соғысты уақытша тоқтатуды емес, оны толық аяқтап, Украина мен Еуропада ұзақ мерзімді әрі берік бейбітшілік орнатуды көздейді.

«Біз соғысты тоқтатып қоюды емес, оны аяқтап, жалпы Украинада да, Еуропада да ұзақ мерзімді, абсолютті бейбітшілікке қол жеткізуді қалаймыз. Бұған ниет білдіргендердің барлығымен келіссөз жүргізуге дайынбыз», – деп атап өтті Путин баспасөз өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Еске салсақ, 25 шілдеде Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында Тоқаев Украинадағы соғысты уақытша тоқтатып, «Ыстанбұл формуласы 2.0» негізінде келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Қазақстан президенті өзінің бұл мәселеде араағайын болмайтынын да атап өтті.

Кейін Кремль өкілдері Тоқаевтың Ресей мен Украина арасындағы соғыс туралы ұсынысына пікір білдірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы 1-МАЭС

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк