USD
USD
USD

Путин Өзбекстанды Орталық Азиядағы ең үлкен ел дейді (видео)

Ресей президенті Владимир Путин үш күндік сапармен Өзбекстанда болды.

Путин
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның Орталық Азия еліне үш күн бойы сапарлағаны таңқаларлық. Әрине, Путиннің сапарындағы ресми оқиғалар жайлы ақпараттар қолжетімді. Ал Өзбекстанда осыншама күн жүруінде қандай бейресми мән-мағына бар екені немесе қандай бүркеулі стратегия бары белгісіз. Ресейдің шекарасы Өзбекстанмен шектеспейді. Геосаясатта Өзбекстан Ауғанстанға жақын өңір демесек, алып бара жатқан басқалай ролі де байқалмайды.

Қалай дегенде де Ресей билігі Өзбекстанға аса үлкен мән беретіні осыдан көрінеді. Тіпті Ресей президенті күтпеген мәлімдеме жасап, Өзбекстанды аймақтағы ең үлкен мемлекет деп атады. Шын мәнінде Өзбекстан Орталық Азиядағы территориясы кішкене ғана мемлекет. Қазақстанның аумағы Өзбекстаннан алты есе үлкен. Сонда Ресей басшысы керісінше айтып отыр.

Ресей басшысы өзінің ұлықтау рәсімінен кейін осымен шете елге үшінші сапарын жасады. Мұның алдында ол Қытайда және Беларусь республикасында болды. Президент Путиннің Ташкентке барғаны және үш күн сапарлағаны таң қаларлық болды деп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ