USD
USD
USD

Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлескені рас па? Кремль пікір білдірді

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 11 қарашада өткен брифингте The Washington Post басылымының Дональд Трамптың Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Путин мен Трамп
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. Кремльдің хабарлауынша, Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылағаны туралы ақпарат «ойдан құрастырылған».

«Ешқандай әңгімелесу болған жоқ. Тіпті, беделді басылымдарда жарияланатын ақпараттың сапасы осындай. Бұл шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат», - деді Песков.

Журналистер Кремльдің баспасөз хатшысынан: «Ресей президенті АҚШ-тың жаңа сайланған президентімен жақын арада қандай да бір байланыс орнатуды жоспарлап отыр ма?», - деп сұрады. Песков әзірге нақты жоспар жоқ екенін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, The Washington Post басылымы Трамп Путинге қоңырау шалып, Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлаған болатын. The Washington Post жариялаған ақпарат көздерінің айтуынша, Трамп Путинді шиеленісті ушықтырмауға шақырып, Еуропада америкалық әскери базалардың жеткілікті екенін еске салған. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы