USD
USD
USD

Путин мен Трамп келіссөзді тет-а-тет өткізбейтін болды

Ақ үйдің баспасөз қызметі келіссөздердің форматы өзгергенін хабарлады. Путин мен Трамп «бетпе-бет» келіссөз өткізбейтін болды.

Аляска
Фото: Би-Би-Сидің орыс қызметі

Алматы, NEGE. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт президенттердің алдын ала жоспарланған кездесуінің форматы өзгергенін хабарлады. Тет-а-тет, яғни екі президент көзбе көз емес, «үште үш» форматында келіссіөздер жүргізеді.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, кездесуде АҚШ жағынанан Трамптың өзінен бөлек мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф болады.  Ресей тарапынан келіссөзге қанша адам қатысатынын және Путин бұл шартқа келісті ме, жоқ па, ол жағын Кэролайн Ливитт ашып айтпады. Біздің пайымдауымызша, Путин «үште үш» форматына келіскен жағдайда Путиннен бөлек сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Путиннің сыртқы істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков қатысуы мүмкін.

Ливиттің айтуына қарағанда, келіссөздің екінші бөлігіне америкалықтар тарапынан қаржы министрі Скотт Бессент, сауда министрі Говард Латник, қорғаныс министрі Пит Хегсет және президент аппаратының басшысы Сьюзи Уайлс қосылады. Тиісінше, екінші раундқа Ресей тарапынан қаржы министрі Антон Силуанов, қорғаныс министрі Андей Белоусов, Путиннің шетелмен экономикалық-инвестициялық әріптестік жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысады деген сөз.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Путин мен Трамп екеуі ғана келіссөз жүргізіп, екі тараптың делегация мүшелері жұмыс барысындағы таңғы асқа қосылатыны хабарланған. Алайда жоспардың не себепті өзгергені әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.