USD
USD
USD

Путин Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінде Ресей президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланды.

Тоқаев, Путин
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мақалада Қазақстан мен Ресей арасындағы экология және биологиялық әралуандықты қорғау саласындағы әріптестік туралы айтылған.

Путиннің сөзінше, Қазақстан тарапы Амур жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмек сұраған. Осыған байланысты Ресейдің тиісті мекемелері кейінгі бір жыл ішінде нақты жұмыс жүргізген.

«Хабаровск өлкесінде екі жолбарыс және оның екі күшігі арнайы ауланды. Жануарлардың жағдайы мұқият тексерілген соң «Аэрофлот» рейсімен Қазақстанға жеткізілді», – деп жазады Путин.

Қазір екі елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында жолбарыстарды жергілікті ортаға бейімдеу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Путиннің айтуынша, жақын арада жолбарыстар табиғи ортаға жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова