USD
USD
USD

Путин 25 жылда АҚШ-тың бес президентімен кездескен. Алтыншы кім?

Владимир Путиннің 2000 жылы қалай Ресей президенті болғаны тарихтан белгілі. 73 жастағы Путин содан бері тақтан түскен жоқ. Соңғы жылдардағы әрекетіне қарағанда, түсетін ойы да жоқ.

Ресей
Фото: ғаламтордан

Бір қызығы, 25 жылда АҚШ-та бес президент ауысқан. Владимир Путин сол бес президенттің бәрімен кездесті. Назарларыңызға төменде қызықты фоторепортаж ұсынамыз.

Президент болып сайланған 2000 жылы В.Путин АҚШ-тың сол кездегі басшысы Билл Клинтонмен кездескен.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Арада бір жылдан соң, яғни 2001 жылы Джордж Бушпен де шәй ішіп үлгерді.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Он бір жылдан соң – 2012 жылы Барак Обамамен де бірқатар мәселені талқылағаны есте.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті болып сайланған 2017 жылы екеуі тәп-тәуір қауқылдасып тұратын.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Путин мен Байден бір-біріне күле қарағанымен, аса тіл табыса қойған жоқ. Бұл 2021 жылы болатын.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Биыл екінші мәрте президент болып сайланған Дональд Трамп – Путин кездескен бесінші президент. Аляскадағы бүгінгі кездесуде кімнің асығы алшысынан түскенін суреттің өзі айтып тұрғандай.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алтыншы кім?...

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров