USD
USD
USD

ПТР-тест бағасы арзандады

Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ПТР-тест бағасын төмендетті, – деп хабарлайдыБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

ПТР-тест бағасы арзандады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, агенттік баға жағдайын бақылау және COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бойынша зертханалық қызмет нарығында шара қабылдауды жалғастырып жатыр.

«2021 жылғы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК COVID-19-ға ПТР-сынама тапсыру бағасын 6 400-ден 4 900-ге дейін төмендетті. ҰСО республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді», – делінген хабарламада.

Баға 6 мың теңгеге дейін төмендегені Алматыда ("Иннова" зертханасы) байқалады, ал Атырау облысында (Interteach, "Вестерн", "Достар Мед Престиж") 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін екені айтылды.

«Түркістан облысы бойынша ведомство департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасының монополияға қарсы комплаенсі аясында медициналық мекемеде бағалар 7 000-нан 4 900-ге теңгеге дейін төмендетілді», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстан бойынша бөлімшелер бар ірі желілік зертханаларда COVID-19-ға ПТР-тест бағасы өзгеріссіз қалады, оларда орташа есеппен баға 7400 теңге болады.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны