USD
USD
USD

ПТР-сынамасының бағасы арзандады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға жағдайын қадағалау және COVID-19-ға ПТР-тестілеуді өткізу бойынша зертханалық қызметтер нарығында бағаны арзандату бойынша оң нәтижеге қол жеткізді.

ПТР-сынамасының бағасы арзандады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылы 6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін арзандатты. Айта кетейік, Ұлттық сараптама орталығы еліміздің 17 өңірінде қызмет көрсетеді. ПТР-сынамасын тапсыру құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін арзандатылды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін арзандатты. Ал республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы (7,4 мың теңге) бұрынғы күйінде қалды.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны