USD
USD
USD

ПТР: Жалған анықтама қолданған адам жауапқа тартылды

Семей қаласының тұрғыны ПТР тестінің жалған анықтамасын қолданғаны үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. 

ПТР: Жалған анықтама қолданған адам жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz
 

 

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ПТР тестінің жалған анықтамасымен жұмыс орнына кірмек болған ер адам сотталды. Оқиға өткен жылдың күзінде болған.

Сот барысында ол кінәсін мойындап, істеген ісіне қатты өкінетінін айтты. Судья шешімі бойынша қала тұрғыны 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

«Үкім шыққан соң ер адам пробация қызметіне есепке қойылды. Оны қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жолдадық. Енді ол күн сайын 4 сағаттан қоғамдық орындарда қар күреп, қоқыс жәшіктерін тазалайды. Егер ол қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарса, онда бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан