Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ПТР тест пен маска арзандады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мониторинг жүргізді.

ПТР тест пен маска арзандады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді («Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).

Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге/дана дейін азайды.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz