USD
USD
USD

ПТР тест анықтамасын сатқан студент ұсталды

Алматыда Тәжікстаннан келген медициналық ЖОО студенті ПТР тест анықтамасын сатқан.

ПТР тест анықтамасын сатқан студент ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Facebook -тегі парақшасында Алматы қалалық ІІД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов жазды.

«Жедел іс-шаралар барысында анықталғандай, 25 жастағы Х. есімді медициналық университеттің студенті, жеке медициналық орталықтардың бірінде медаға болып жұмыс істейді. Бізге түскен жедел ақпарат бірнеше күн мұқият тексерілді. Және ол расталды. Ер адам өзінің қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ұсталған Х. Өз кінәсін мойындады. Ол тек бір ғана жалған құжат жасағанын айтты», - деді Рустам Әбдірахманов.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот