USD
USD
USD

ПТР анықтамасыз ұшып келгендер елге кіргізілмеуі керек

  ПТР-тест анықтамасы жоқ отандастарымызды елге кіргізбеу керек. Туроператорлар қауымдастығы осындай бастама көтерді.

ПТР анықтамасыз ұшып келгендер елге кіргізілмеуі керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар Египетке, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Мальдив аралдарына, Түркия мен Шри-Ланкаға демалуға кеткен туристерден елге қайтарда ПТР-тест анықтамасын талап ету керек деп отыр. Ал әлгіндей анықтамасы болмаса, ұшаққа отырғызбау керек дейді. Әзірге құзырлы орын өкілдері бұл мәселеге қатысты пікір білдірмеді. Туроператорлардың айтуынша, соңғы уақытта елге ПТР-тест анықтамасы жоқ туристер жиі келетін болған. Олар мұндай сынаманы Қазақстанда жасата салғанды жөн көреді. Өйткені, біздің елде ондай тестті отандастарымыз тегін тапсыра алады.

Қазақстан туроператорлары қауымдастығының президенті Инна Рей: "Шетелге барып, демалып келген отандастарымыз ПТР-тестті Қазақстанға келіп тегін тапсыра алады. Үкімет мұны әу-баста сынамадан өтіп үлгірмей қалған қазақстандықтар үшін жасаған еді. Бірақ туристер мұны түсінбейді. Олар шығын шығармау үшін тестті елге келген соң тапсырып жатыр. Бұл дұрыс емес. Егер арасында індет жұқтырғандар болса, үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан шетелден қайтарда ПТР-тест анықтамасы жоқ туристерді ұшаққа мүлдем отырғызбау керек" деді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер