Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ПТР анықтамасы жоқ 412 қазақстандық келді

 19 наурызда Қазақстан аумағына 32 әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.

ПТР анықтамасы жоқ 412 қазақстандық келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді. 4 733 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 321 адам, анықтамасыз 412 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 377 жолаушы, анықтамамен - 2 110, анықтамасыз – 267; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 301 жолаушы, анықтамамен – 1 241; анықтамасыз - 60; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 797 жолаушы анықтамамен келген; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы анықтамамен келген; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы, анықтамамен – 67; анықтамасыз – 63; Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 121 жолаушы, анықтамамен – 99; анықтамасыз – 22. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Анықтамасыз келген 357 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш