USD
USD
USD

Психолог бай болуға кедергі келтіретін әдеттерді атады

Психолог Дмитрий Синарев бай болуға қандай әдеттер кедергі келтіретінін айтып берді деп хабарлайды "Прайм".

Психолог бай болуға кедергі келтіретін әдеттерді атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Көп жағдайда жеткілікті өмір сүретін адамдар өзін кедей сезінеді. Себебі олардың үнемі өміріне көңілі толмайды және өзін әрдайым жоғары тұрған адамдармен салыстыра береді", - дейді маман. Синарев өмірде үнемі бірдеңе жетіспей тұратын "кедей жандардың" бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, бақыттың құпиясы қарапайым - қолыңда барды бағалау.

Психолог одан бөлек, "диванда жатып алып сын айтқанды жақсы көретіндер" туралы да айтты. Маман бұл қатарға тек өзін бағаламайтынын айтып, армандай беретіндерді жатқызады. Синаревтің айтуынша, олар өзін алға жетелеу үшін ешқандай әрекет жасамайды. Қорытындылай келе, маман әркім өзін не маңызды екенін бағалап үйренуі қажет екенін айтады.

«Мәселен, сіз аз жалақы аласыз, бірақ әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынастасыз онда бұны бағалау керек. Яғни сіз үшін ұжымдағы көңіл-күй маңызды болса, жұмыста қалыңыз. Ал табысыңыз маңызды болса, жақсы еңбекақы ұсынатын жерге ауысқаңыз дұрыс», – дейді психолог .

Дмитрий Синарев сөз соңында әрқашанда көңілден шығатын іспен айналысуға болатынын, алайда ол үшін қажырлы еңбек қажет екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы