Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Психолог болу оңай емес: жаңа заң аясында мамандардың арнайы тізімі жасалмақ

Қазақстанда психологиялық қызмет алғаш рет заңнамалық деңгейде жүйеленбек.

психолог
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Мәжілісте талқыланған жаңа заң жобасы салаға нақты талаптар қойып, жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Депутат Асхат Аймағамбетов бұл бастаманы азаматтардың психикалық денсаулығын қорғаудағы шешуші қадам деп атады. Оның айтуынша, құжатта психологиялық қызметтің қағидаттары, түрлері мен мазмұны нақты айқындалып, психологтарға бірыңғай кәсіби стандарт енгізіледі.

«Енді жоғары білім бағдарламалары мен біліктілікті арттыру жүйесі де дәл осы стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Барлық психологтар арнайы тізімге тіркеледі», – деді Аймағамбетов.

Осылайша барлық практик-психологтар арнайы тізімге енгізілмек. Бұл нарықты жүйелеу, кәсіби біліктілігі жоқ адамдардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған тетік. 

Мәжіліс комитеті жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді