USD
USD
USD

Психодиспансерден кетіп қалған ер адам табылды

СҚО полицейлері психодиспансерден кетіп қалған азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Психодиспансерден кетіп қалған ер адам табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 сәуірде СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы қамқордағы адамның кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады, оған әлеуметтік желілерде фото бағдарлауды таратқан еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді түрде қосылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жерін Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Сағидула Ақмола облысы Мариновка ауылында анықтады. Тайынша қаласынан ер адам жолға шығып Астанаға кеткені белгілі болды. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген.

Сол мекенжайдан полиция қызметкері тапқан. 26 сәуірде іздеудегі адам Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына берілді. Полицейлер еріктілерге және ер адамды іздеуге атсалысқан барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдірді.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері СҚО полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 12 азаматтың орналасқан жерін анықтады, оның ішінде қазіргі уақытта 11 іздестірілуші анықталды, сондай-ақ өткен жылдары іздестіруге жарияланған екі адамның орналасқан жері анықталды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай